⚡️Жұма намазынан бұрын айтылатын 30 минуттық уағыз 20.03.2020 жылдан бастап уақытша тоқтатылады.
📍Намаз уақыты кіре сала азан айтылады, 4 ракағат сүннет өтеліп, жұма намазының 2 ракағат парызы қысқа сүремен оқылады;
📍Жұма намазының парызынан кейін оқылатын 4 рәкағат сүннетті үйде оқуға кеңес береміз;
📍Намаздан кейін тәсбих тартылмайды, Құран оқылмайды, имам қысқа дұға жасайды;
📍Намаздан кейін жамағат қол беріп «Жұма қабыл болсын» деп амандаспайды;
📍Мешітке бетперде (маска) киіп келу;
📍Намаздан кейін көп кідірмей мешіттен шығу;
📍Жұма намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;
📍Жұма намазға денсаулығы жарамайтын қариялар, науқастар мен әйелдердің қатыспағаны абзал;
📍Ауа райы қолайлы аймақтарда жұма намазын мешіт ауласында оқуға рұқсат.